1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

The Ring нұсқасы бойынша Головкин - "Канело" жекпе-жегі жыл оқиғасы болды30 желтоқсан 2017, 09:42

© trbimg.com © trbimg.com

Бокс жөнінде жазатын белгілі The Ring журналы 2017 жылға қорытынды жасап, "Жыл оқиғасы" санаты бойынша жеңімпазды атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол - WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында болған жекпе-жек, кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өткен болатын. Жекпе-жекте барлық 12 раунд өткізілді, нәтижесінде ұпай тең түсті.

Энтони Джошуа - Владимир Кличко кездесуі "Жылдың үздік жеп-жегі" атанды. Жыл боксшы атағы украиналық Василий Ломаченкоға бұйырды.

"Жыл нокауты" номинациясында Давид Лемье үздік танылды, ол Кертис Стивенсті үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

 


Елордада IT-кеңес құрылды