Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинге жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев Геннадий Головкинге жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Геннадий, сізді құттықтаймын! Қазақстандықтар сіздің Келл Брукпен өтетін кездесуіңізді асыға күтті. Бұл жекпе-жекте сіз шеберлігіңіз бен зор қажыр-қайратыңызды және өзіңізге деген сенімділігіңізді көрсеттіңіз. Сіз әлемдегі жас спортшылардың барлығына үлгі болдыңыз. Кезекті жеңісіңізге жетіп, жүз мыңдаған жанкүйеріңізді қуанттыңыз. Сізге жаңа жеңістер мен бар жақсылықты тілеймін", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.