Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды Фото: Тұрар Қазанғапов / olympic.kz

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасының 1/8 финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио Олимпиадасының 1/8 финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Теміржанов ширек финалдың жолдамасын америкалық Дюк Раганмен сарапқа салған. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 0:5 есебімен жеңілді. 

Айта кетейік, 1/16 финалда ол венгриялық Ролан Галошты екі рет нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Теміржанов жарыс жолынан шығып қалған төртінші қазақстандық боксшы болып отыр. Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит пен Надежда Рябец 1/8 финалда жеңілген болатын.

Серік Теміржанов Павлодар қаласында туған, жасы 23-те. Биыл өткен Азия чемпионатында бірінші кезеңде жеңілген еді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасынан үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети