Төрешілер шешімі: Головкин тұңғыш рет жеңіліс тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Төрешілер шешімі: Головкин тұңғыш рет жеңіліс тапты © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екінші мәрте өткен жекпе-жекте мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес жеңді.

Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді. 

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізіп, шараның соңы жанжалға ұласқан болатын. Көз арбасу кезінде жанжал бола жаздады. Екінші болып келген Альварес Головкиннің маңдайына дейін жақындады, осыдан кейін мексикалықтың бапкерлері итерісіп, промоутерлер мен оққағарлар төбелестің болуына жол бермеді. 

"Ол клоун, шоумен, нағыз жігіт емес. Бұл жай ғана жекпе-жек емес, бұл ерекше соғыс. Жас маңызды емес. Мен нокаутты қалаймын. Шын мәнінде қалаймын. Мен Big Drama Show болатынына сөз беремін. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рақмет. Барлығы сіздер үшін, достар. Ертең кешке. Бокстың барлық жанкүйері мен барлық мексикалық үшін - бұл сіздерге сыйлық", - деді Головкин сахнада "Канелоның" көзінен не байқадың деген сұраққа жауап беріп.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети