15 қыркүйек 2018 09:18

Головкин мен Альварестің көз арбасу рәсімі жанжалға ұласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ресми салмақ өлшеу шарасын тамашалауға тоғыз мың көрермен барды. Көз арбасу кезінде жанжал бола жаздады. Екінші болып келген Альварес Головкиннің маңдайына дейін жақындады, осыдан кейін мексикалықтың бапкерлері итерісіп, промоутерлер мен оққағарлар төбелестің болуына жол бермеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Чемпион WBC, WBA (Super) и IBO в среднем весе казахстанец Геннадий Головкин и его соперник Сауль Канело Альварес провели дуэль взглядов после взвешивания накануне боя, которое прошло на арене T-Mobile в Лас-Вегасе. По времени Астаны поединок состоится утром 16 сентября. Следите за новостями с места событий на Vesti.kz #GGG #GGGCanelo2 #CaneloGGG2 #boxing #бокс #Головкин #ГоловкинАльварес #Kazakhstan #Vegas

Публикация от Vesti.kz (@vestigram)

"Ол клоун, шоумен, нағыз жігіт емес, - деді Головкин сахнада "Канелоның" көзінен не байқадың деген сұраққа жауап беріп. - Бұл жай ғана жекпе-жек емес, бұл ерекше соғыс. Жас маңызды емес. Мен нокаутты қалаймын. Шын мәнінде қалаймын. Мен Big Drama Show болатынына сөз беремін. Қолдауларыңыз үшін баршаңызға рақмет. Барлығы сіздер үшін, достар. Ертең кешке. Бокстың барлық жанкүйері мен барлық мексикалық үшін - бұл сіздерге сыйлық".

Айта кетейік, Альварес жекпе-жек алдында бірге баспасөз-мәслихатын өткізуден бас тартты, ол журналистермен барлығы аяқталғанда ғана кездесетінін мәлімдеді. Ол кезде Альварес Головкиннен бірнеше метр қашықта тұрды, алайда ондай шараларда дәстүрлі түрде өтетін көз арбасу болған жоқ.

Бұған дейін Головкин Альварестің баспасөз-мәслихаты мен көз арбасудан бас тартуының себебі оның көзге тік қарап, алты ай шеттетіліп, 5 мамырдағы жекпе-жектен бас тартуына себеп болған допингке қатысты дауға жауап беруге батылының жетпеуімен байланысты екенін мәлімдеді. 

Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, осыдан бір жыл бұрын олардың бірінші кездесуі осы жерде өтіп, екеуі тең түскен болатын. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңертең өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети