11 қаңтар 2017 09:45

Төрт белбеуім бар - әркімнің арманы. Джейкобс екеуміз орта салмақта кімнің бірінші екенін анықтауымыз керек - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com © twitter.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) алда өтетін жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатында жанкүйерлерге ең жарқын шоуды көрсетемін деп уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) алда өтетін жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатында жанкүйерлерге ең жарқын шоуды көрсетемін деп уәде берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алаңдаулымын. Джейкобс - менің үздік қарсыласым. Жалпы мұнда үздіктер жиналған: Джейкобстың командасында мен жұдырықтасқан үш боксшы бар, Madison Square Garde - үздік арена, қолдау керемет, үздік арна - HBO, үздік демеуші - Tecate", - деді Головкин. 

Сонымен қатар, ол Джейкобстың осы жекпе-жекке дайын екеніне сенімді екенін атап өтті. "Төрт белбеуім бар - әркімнің арманы. Джейкобс екеуміз орта салмақта кімнің бірінші екенін анықтауымыз керек, бұл өте маңызды. 18 наурызда аренаға келетін кез келген адамға тарихтағы үздік шоуды көрсетемін деп уәде беремін", - деп мәлімдеді Головкин.

Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Сондай-ақ, осыған дейін Головкин-Джейкобс жекпе-жегін Нью-Йоркке барып көру құны қанша екені хабарланған болатын. Басылымның мәліметінше, қазақстандық турфирмалардың бірі ең арзан бағаны ұсынып отыр - 1380 доллар (455 мың теңге). Осы сомаға барып қайту (580 доллар), виза (190 доллар), Madison Square Garden аренасынан 200 метр жерде орналасқан Pensylvania қонақүйі (екі орындық бөлме 350 доллар, бір орындық 680 доллар), жекпе-жекке билет (ең арзаны - 253 доллар) және сақтандыру (жеті доллар) кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети