20 маусым 2021 15:01

UFC ұйымындағы ең мықты спортшылардың бірі Қазақстанның намысын қорғайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мовсар Евлоев Мовсар Евлоев

Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік спортшы Мовсар Евлоев қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жектегі танымал ресейлік спортшы Мовсар Евлоев қазақстандық Arlan MMA Pro Team командасына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Енді ол UFC ұйымына Қазақстанның атынан шығады. 

Спортшының айтуынша, оған қазақстандық клуб жақсы ұсыныс жасаған. Бірақ ол ешқандай қосымша сыйақысыз клубтың намысын қорғауға келісіпті. 

27 жастағы Евлоев дәл қазіргі уақытта UFC ұйымындағы спортшылар арасында ең көп жеңісті серияға ие. Ол соңғы 15 кездесуінің барлығында жеңіске жеткен. 

Мовсар жартылай жеңіл салмақтың рейтингінде 13-ші орынға жайғасқан. Қазақстандық спортшылар арасында UFC рейтингіне кірген бірінші спортшы. 

Сондай-ақ Евлоев танымал қазақстандық менеджер Саят Абдірахмановпен жұмыс істейді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Movsar Evloev (@movsar_evloev_94)

Еске салайық, Сунжа қаласының тумасы кезінде М-1 Global ұйымының чемпионы болған. 2018 жылы ол қазақстандық Сергей Морозовпен (16-5) кездесіп, нокаутпен жеңген. 

Евлоев UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 13 маусым күні өткізіп канадалық Хаким Доводуды жеңді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети