Украина 30 және 31 мамыр күндері өтетін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сериясының финалдық кездесулерін өз елінде қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rsport.ru агенттігіне сілтеме жасап.
Украина 30 және 31 мамыр күндері өтетін Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) сериясының финалдық кездесулерін өз елінде қабылдаудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Rsport.ru агенттігіне сілтеме жасап.
"Белгілі себептерге байланысты Украина Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесулерін өткізуден бас тартты. Қолдағы бар мәліметтер бойынша, WSB ұйымдастырушылары финалдық кездесулерді Әзірбайжан қабылдасын деген ұсыныс тастаған екен. Сонымен қатар финалдық жекпе-жектер Ресейде де өтуі мүмкін. Оның үстіне AIBA-ның президенті Чинг Куо Ву мырза бұл күндері Мәскеуге іс-сапармен келді", - дейді бұл мәселеге байланысты "Ресей бокс құрамасының" директоры Степан Лендьел.
Бүгін, 31 наурыз күні Мәскеуде Ресей және Украина былғары қолғап шеберлері арасындағы WSB сериясының алғашқы ширек финалдық кездесулері болады. "Екі команданың былғары қолғап шеберлері салмақ өлшеу рәсімін сәтті өткізіп, жекпе-жектерге тыңғылықты дайындалып жатыр. Алдағы кездесу "Спорт саясаттан тыс" деген ұранмен өтеді", - дейді Степан Лендьел. Бұл командалардың арасындағы қарымта кездесу 4 сәуір күні Донецкте өтеді деп жоспарланған. Ал, ширек финалға шыққан өзге жұптарда Куба - АҚШ және Италия - Әзірбайжан командалары кездеседі.
Айта кетейік, бұл топтамада өнер көрсететін "Астана арландары" плей-офф кезеңінін алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізіп, "Team Germany" командасын 3-2 есебімен жеңген болатын. Енді бұл ұжымдар арасындағы қарымта кездесу 5 сәуір күні Алматыда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, былтырғы WSB жобасының финалдық кездесулерін елордамыз Астана қаласы қабылдаған еді. "Сарыарқа" спорт кешенінде өткен финалда "Астана арландары" "Украина атамандарынан" 6:5 есебімен басым болған.