Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана Арландары" Германияда жеңіске жетті

30 Наурыз 2014, 15:47
1
Сурет flickr.com сайтынан
Сурет flickr.com сайтынан

Бүкіләлемдік бокс сериясының ширек финалындағы «Астана Арландары» мен неміс клубы арасындағы бірінші кездесу Германияда өтіп, 3:2 есебімен қазақ клубы жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Майн өзінңнің жағасындағы немістің Ханау қаласындағы "Astana Arlans" және "Team Germany" клубтары арасындағы кездесу бекітілген уақытынан біршама кеш басталып, жанкүйерсіз өтті. Оның себепртері мен анық-қанығын «Астана Арландары» клубы елге оралған соң біле жатармыз. Ең бастысы, түзде біздің боксшылар жеңіске жетті.

49 келіде Теміртас Жүсіповтің жеңіске жететіндігіне күмән келтірмегенбіз. Оның қарсыласы, румын боксшысы Овиди Берсеану бұған дейін WSB аясында екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңілістің кермек дәмін татқан екен. Бұл жолы да Теміртастың темірдей соққыларының дәмін татып, жеңіліске ұшырады.

«56 келідеге жекпе-жек қалай өтер екен» деп, алаңдаулы едік. Өйткені Мейірболат Тойытов Ирландияның қайсар ұлы Майкл Конланмен кездесуі керек болатын. Ал ол жай боксшы емес, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері. WSB аясында үшінші рет қана шарша алаңға шыққанымен, өте қарымды боксшы. Тек Уэльстің талантты тарланбозы Эндрю Селбиден ғана ұтылған.

Бір қызығы, Эндрю Селбиден былтыр біздің Мейірболат та ұтылып қалған болатын. Негізі, Мейірболаттың WSB шаршы алаңындағы тәжірибесі молырақ еді. Атап айтқанда, ол осы жоба аясында рингке алтыншы рет шыққан-ды. Алайда, Майкл Конлан дес бермеді. WSB жобасының ресми сайтының сөздерімен жазсақ, ол қай жағынан алсақ та, басым түскен...

64 келідегі Асхат Уәлиханов та ұтылып қалып, өзегімізді өртеді. Асхат та WSB жобасы шеңберінде қарсыласына қарағанда, көп кездесу өткізіп, ысылған боксшы еді. Алайда бұл кездесуде тамырында армян қаны соққан Германия боксшысының бағы жанды.

"Team Germany" клубы алға шығып кетіп, көңіл күйіміз түсіп қалғанда, әдеттегідей Сергей Деревянченко сенімімізді ақтады. Ол Германияның талантты жас боксшысын жеңіп, таразы басын теңестірді.

Ал бұл кештің нүктесін «Астана арландары» сапына биылғы маусымда ғана қосылған Василий Левит қойды. Ол бұл жолы неміс Артур Маннды ұтып, WSB рингтеріндегі жеңістерінің санын бесеуге жеткізді. Оның бірінде техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Осы ретте айта кетейік, WSB жобасының ресми сайты Левиттің жеңістері мен өнеріне тәнті болып, оның Куба қабыланы Эрисланди Савонмен кездескенін көргілері келетіндігін жазыпты. Бұл ретте, дәл осы салмақ дәрежесінде қарымды боксшылар көп екендігін айта кетуге тиіспіз. Әйтсе де, WSB жобасының ресми сайты олардың ішінде біздің Василий Левитке айрықша сенім артып отыр.

Бір қызықты жәйт, дәл осы кеште Әзірбайжан және Италия боксшылары кездесіп, 91 келі салмақ дәрежесінде Абдулкадир Абдуллаев атақты Клементе Руссоны бірінші раундта нокаутқа түсірді. Ал дәл осы Абдуллаев біздің Левит биылғы маусымның басында жеңіп кеткен болатын.

Сонымен "Astana Arlans" және "Team Germany" клубтары арасындағы бірінші кездесу аяқталды. Бұл кездесу түзде өтсе де, Қазақстан клубы жеңіске жетті. Екінші кездесу 5 сәуір күні Алматыда өтеді. Жерлестеріміздің жартылай финалға шығатындықтарына күмән келтірмейміз.

Ширек финалдағы екінші кездесуде Әзірбайжан клубы Италия боксшыларын 5:0 есебімен тас-талқан қылды. Қалған екі кездесу әлі өткен жоқ. Біреуі ертең өтуі керек.

Ширек финал. "Astana Arlans" – "Team Germany" – 3:2

49 келі: Теміртас Жүсіпов – Овиди Берцану – 3:0 (50:45, 50:45, 50:45),
56 келі: Мейірболат Тойытов – Майкл Конлан – 0:3 (45:50, 45:50, 45:50),
64 келі: Асхат Уәлиханов – Артем Харутюнян – 0:3 (46:49, 47:48, 46:49),
75 келі: Сергей Деревянченко – Деннис Роберт Радован – 3:0 (50:45, 50:45, 50:45),
91 келі: Василий Левит – Артур Манн – 3:0 (50:44, 50:45, 50:45).


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай