Ұлыбританиялық боксшы Головкинның намысына тиді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық боксшы Головкинның намысына тиді © boxingscene.com

Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында Келл Брукті жеңген қазақстандық боксшыға арнап жазба қалдырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында Келл Брукті жеңген қазақстандық боксшыға арнап жазба қалдырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, жекпе-жек аяқталған соң Головкин Сондерспен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеген болатын. 

"Геннадий Головкин, сен дайын болғанда, мен де дайын боламын. Бірақ ешқандай да орта салмақ туралы әңгіме болмайды. Естіп тұрсың ба?", - деп жазды Сондерс парақшасында. Сонымен қатар, бұл жазбаны қалдырғанда ұлыбританиялық боксшы boreRat тіркесін қолданыпты. Осылайша Сондерс "Борат" фильмін есіне алып, Головкинның намысына тимек болған.

Ал Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA) өкілдері Головкинның келесі қарсыласы америкалық Дэниэль Джейкобс болатынын айтты. WBA президенті Жилберто Мендоса қазақстандық тарапқа Джейкобспен жекпе-жек өткізуді ұйымдастыруға 120 күн берілетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети