Америкалық боксшы Андре Уордтың бұрынғы бас бапкері Вирджил Хантер мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (49-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) қалай жеңу керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, "Канело" Головкинмен өтетін екінші кездесуде азырақ қимылдап, жақын арада жұдырықтасып, төрешілерге және жанкүйерлерге рингте "кімнің қожайын" екенін көрсету керек екен.
"Канело" Головкинді жеңу үшін, басқаша жұдырықтасу керек. Альварес келесі кездесуде де тура бірінші жекпе-жектегідей жұдырықтасса, тағы жеңіске жете алмайды. Мен оның техникасын осал деп тұрғаным жоқ. Екінші кездесуде ол жеңіске жеткісі келсе, барлық раунда Головкиннен мықты болуы керек. Артқа қарай шегіне беруді тоқтатып, жақын қашықтықта жұдырықтасуы керек. Көп соққы жұмсаса, төрешілер жеңісті "Канелоға" беретініне сенімдімін", - дейді Хантер The Ropes Boxing Radio радиосының эфирінде.
Хантердің болжамы бойынша, Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуде екі боксшының жеңіске жету мүмкіндігін 50/50 деп бағалар едім. Бапкер екі боксшы да бірінші жекпе-жектен жақсы қорытынды шығарып, екінші жекпе-жекті одан да қызықты етеді дейді.
Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.
Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.