20 қараша 2018 09:27

Үш нұсқа бойынша әлем чемпионы Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© premierboxingchampions.com © premierboxingchampions.com

WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джарретт Херд BoxingScene басылымына берген сұхбатында жоспарлары жайлы, сондай-ақ, ағайындылар Джермелл мен Джермалл Чарло, мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

"Мен олардың әрқайсын талқандаймын. Ештеңеге қарамастан жеңілмеймін. Жеңіске деген ерік-жігерім арқылы барлығын өзімнің пайдама жасаймын, қарсыластарымды да талқандай аламын, - дейді Херд. 

Сондай-ақ, америкалық боксшы алдағы жоспарларына тоқталды.

"Чарломен жұдырықтасқан соң орта салмаққа көтерілемін. Ал сосын кіммен жұдырықтасатынымды білесіздер ме? Иә, Джермалл Чарломен. Бұл алдағы уақытқа жақсы жоспар. Екі Чарломен жұдырықтасқан соң "Канело" Альвареспен кездесу өткізуге тамаша мүмкіндік болады. Ол да 154 фунт салмақта жұдырықтасқан болатын. 

Бірақ, менің ойымша, менің жұдырықтасу стилім үшін "Канелоға" қарағанда Головкинмен кездесу өткізу қиынырақ болады. (...) Физикалық тұрғыдан қарағанда Головкин "Канелоға" қарағанда мықтырақ. Дегенмен Головкинді жеңетінімді білемін. Эрисланди Лараны жеңген соң мені көп адам шақырып шақырып жатыр. Өзіме лайық құрметке бөленіп жатқан сияқтымын", - дейді Джарретт Херд.

Херд 1 желтоқсанда ұлыбританиялық Джейсон Уэлборнмен жұдырықтасады.

Головкинге титулдар үшін екінші орта салмақта жұдырықтасу ұсынылды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети