27 желтоқсан 2017 12:28

Василий Жиров бірінші ауыр салмақта тарихтағы үздік боксшылардың тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

1909 жылдан бері шығарылып келген Boxing News журналы бірінші ауыр салмақта осы кезге дейінгі үздік боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


1909 жылдан бері шығарылып келген Boxing News журналы бірінші ауыр салмақта осы кезге дейінгі үздік боксшылар тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл тізімге Қазақстанның тәуелсіздік алғалы ең бірінші Олимпиада чемпионы атанған әрі Вэл Баркер кубогының (Олимпиада-1996) иегері және бұрынғы әлем чемпионы "Балхаштық жолбарыс" лақап атымен әлем жұртшылығына танылған Василий Жиров та бар. Ол тоғызыншы орында тұр. 

"Ауыр салмақта жолы болмаған, алайда бірінші ауыр салмақта IBF нұсқасы бойынша мінсіз өнер көрсеткен Жиров король еді. Бірақ оның жолын Джеймс Тони кесті", - деп жазды басылым. 

Кәсіпқой бокста Жиров 42 жекпе-жек өткізді, оның 38-інде жеңіске жетті (32 КО), үш рет жеңілді және бір рет тең түсті. 

Boxing News нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақта осы кезге дейінгі үздік боксшылар тізімі мынадай:

1. Эвандер Холифилд (АҚШ)
2. Карлос Де Леон (Пуэрто-Рико)
3. Анаклет Вамба (Франция)
4. Хуан Карлос Гомес (Куба)
5. Дуайт Мохаммед Кави (АҚШ)
6. Дэвид Хэй (Ұлыбритания)
7. Джеймс Тони (АҚШ)
8. Джонни Нельсон (Ұлыбритания)
9. Василий Жиров (Қазақстан)
10. Жан-Марк Мормек (Франция).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети