01 қазан 2021 12:05

Василий Левит 2016 жылғы Олимпиадада сыбайлас жемқорлық құрбаны болуы мүмкін - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: olympic.kz. Владислав Семёнов Фото: olympic.kz. Владислав Семёнов

Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирінің тәуелсіз тергеуі қазақстандық боксшы Василий Левит сыбайлас жемқорлық құрбаны болғанын дәлелдеді. Бұл туралы Boxingscene.com мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.


Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирінің тәуелсіз тергеуі қазақстандық боксшы Василий Левит сыбайлас жемқорлық құрбаны болғанын дәлелдеді. Бұл туралы Boxingscene.com мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Профессор Ричард Макларен соңғы үш айда ОИ-дағы сот шешімдерін зерттеп, 149 беттен тұратын баяндама жариялаған. Онда алтын медальдар үшін бірқатар жекпе-жек жемқор шенеуніктер мен судьялардың, сондай-ақ парақорлыққа қатысты жасалған қастандық болды делінген.

Басылым мәліметінше, тексерілген жекпе-жектер арасында қазақстандық Василий Левиттің 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Евгений Тищенкомен кездесуі де болған. Онда ресейлік Евгений Тищенко жеңіске жеткен еді.

Тергеу нәтижесінде жеребе мен нәтижені манипуляциялау іріктеу циклі мен Олимпиаданың негізгі турнирі барысында қайталанғаны айтылады. Сонымен қатар, 2012 жылғы Лондон ойындарында бокс турнирі сыбайлас жемқорлыққа қатысты деп күдікке ілінген.

"Жекпе-жектер ақша үшін, AIBA-ның пайдасы үшін немесе ұлттық федерациялар мен олардың олимпиадалық комитеттеріне, жарыс ұйымдастырушыларына қаржылық және саяси қолдауы үшін өзгертілді. Бүгінде жүргізілген тергеу мұндай манипуляцияларда алты таңбалы сома қолданылған деген қорытындыға келді. Тергеу кезінде табылған дәлелдер нақты", - делінген хабарламада.

Құжатта Йока мен Тищенконың нәтижесі турнир бойы көтермеленгені айтылады. Бұны боксшылар білгені туралы ақпарат жоқ. Күмәнді жекпе-жек саналғандардың ішінде Тищенконың итальялық Клемент Руссоны жеңген кездесуі де аталады, дейді басылым.

Маклареннің бұл есебі AIBA ісі бойынша жоспарланған үш есептің біріншісі, тағы екеуі қазанда және наурызда шығады. Тергеу жүргізуді AIBA-ның қазіргі басшысы Умар Кремлев тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети