WBA Ислам - Аллотей жекпе-жегіндегі өз титулы жайлы мәлімдеме жасады

04 Қараша 2016, 10:14
0
WBA Ислам - Аллотей жекпе-жегіндегі өз титулы жайлы мәлімдеме жасады - Қанат Ислам. © Vesti.kz
Қанат Ислам. © Vesti.kz

Дүниежүзілік бокс ассоциациясы (WBA) қазақстандық Қанат Исламның таяуда өткен жекпе-жегімен байланысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бірқатар БАҚ-тар бұл туралы жазса да, Ислам - Аллотей жекпе-жегі интерконтинентал немесе басқа аймақтық WBA белбеуіне ұйымдастырылған", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі Алматыда 29 қазанда өткен бокс кешінің басты кездесуі болған еді. Қазақстандық төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз деп танылды.

Boxrec.com басылымының мәліметінше, жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental титулдары тігілген. Ал WBA-ның жаңарған рейтингінде Қанат Ислам WBA Latin American Champion деген бір ғана титулға ие деп көрсетілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай