08 желтоқсан 2021 11:56

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Деметриус Андраде, Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com, @boobooandrade, @janibek_alimkhanuly Деметриус Андраде, Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com, @boobooandrade, @janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) титулдан бас тартып, басқа дивизионға өтуі мүмкін. Бұл туралы оның промоутері Эдди Хирн мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) титулдан бас тартып, басқа дивизионға өтуі мүмкін. Бұл туралы оның промоутері Эдди Хирн мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұған дейін WBO тұжырымы бойынша Андраде титулына ресми үміткер ретінде тағайындалған қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектің санкциялануы себеп болды. Алайда чемпионның командасы бұл шешімге қарсы болып отыр.

"Бұл - қызық. Біз чемпиондар арасында айқас ұйымдастыру туралы WBC ұйымына сұраныс жібердік. Ал бір күннен кейін WBO мен ешқашан атын естімеген жігітті (Жәнібек Әлімханұлы) міндетті қарсылас етіп отыр.

WBO чемпионмен айқасты ұйымдастыра алмайды, бірақ не рұқсат бере алады, не бас тарта алады. Олар біздің WBC ұйымына хат жазғанымызды біледі. 48 сағаттан кейін бізге жекпе-жек белгілеп тұр.  Бұл жекпе-жек кімге керек?

Андраде жоғары салмаққа өтіп, бірден титулға үміткер болатын ережені пайдалантын шығар. Әйтеуір бірдеңе істеу керек, өйткені үміткермен жұдырықтасқымыз келмейді", - деп берді Хирннің сөзін Boxingnews24.com.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети