Жанат Жақиянов Еуразия чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанат Жақиянов Еуразия чемпионы атанды Жанат Жақиянов. ©Boxingtv.ru

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов өзінің кезекті жекпе-жегінде Еуропа чемпионы (EBU) атағын қорғап, жеңіл салмақтағы Еуразия чемпионы (WBC Eurasia Pacific Boxing Council) деген атақты жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақиянов өзінің кезекті жекпе-жегінде Еуропа чемпионы (EBU) атағын қорғап, жеңіл салмақтағы Еуразия чемпионы (WBC Eurasia Pacific Boxing Council) деген атақты жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еуропа чемпионы деген атаққа Жақиянов сәуір айында француз боксшысы Гуерфиді жеңгеннен кейін қол жеткізген болатын. Ол жекпе-жек Ұлыбританияда өтіп, оның 5-раундында отандасымыз қарсыласын нокаутқа жіберген.

Ал Еуразия чемпионы деген атақ үшін айқасты Жанат Минскіде грузиялық былғары қолғап шебері Гага Эдишервилиге қарсы өткізді. Бұл жекпе-жек көпшілік болжағандай ұзаққа созылған жоқ. Жекпе-жектің бірінші раундында-ақ Жанат қарсыласын нокаутқа жіберіп, өзінің Еуропа чемпионы деген атағын қорғады, сонымен бірге Еуразия чемпионы деген атақты қоса иеленді.

Бұл - 30 жастағы өреніміздің 23-жеңісі. Жалпы Жанат жеңіл салмақта кәсіпқой бокс шаршы алаңына 24 мәрте көтерілген. Оның 16-сын ол уақытынан бұрын аяқтаған.

Порталдың хабарлауынша, Жанат Жақияновтың келесі қарсыласы анықталып қойған. Ол - 26 жастағы автралиялық боксшы Фред Мундраби. Бұл екі боксшы арасындағы жекпе-жек 12 қараша күні Мельбурндегі Hisense Arena спорт кешенінде өтеді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети