Жеңіл жүрісті қыздар Чавесті қонақүйде тонап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл жүрісті қыздар Чавесті қонақүйде тонап кеткен

Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тапқан мексикалық боксшы Хулио Сесара Чавесті жеңіл жүрісті қыздар тонап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварестен жеңіліс тапқан мексикалық боксшы Хулио Сесара Чавесті жеңіл жүрісті қыздар тонап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайын боксшының әйелі Фрида айтып берді. Оның айтуынша, Чавес алаяқтардың құрбаны болды.

Бұл оқиға сауық кештерінің бірінде болған. Кештің видеосы Желіде пайда болған соң қоғамда үлкен шу шыққан еді. Онда Чавестің Лас-Вегастағы қонақүйлердің бірінде жеңіл жүрісті қыздармен отырғаны түсірілген.

Чавестің әйелінің айтуынша, боксшы түнгі барда жанкүйерлерімен кездескен, бірақ олар Чавеске ішімдік беріп, кейіннен онда қыздарды ертіп келген. Ал таңғы уақытта мексикалық боксшының "Канеломен" өткізген жекпе-жегі үшін алған гонорарының чегі, 40 мың доллар тұратын Hublot сағатның және тағы да бірнеше затының, оның ішінде ұялы телефоны да жоқ екені белгілі болды.

"Ол маған бұл туралы айтқан жоқ еді, себебі ол менің ашуланатынымды біледі, - деді Чавестің әйелі. - Енді видеоны көрген соң мен ештеңенің де болмағанын білемін",

Чавестің әйелінің айтуынша, күйеуін сол нөмірде онымен болған қыздар тонап кетті. Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-тар Чавестің "Канеломен" өткізген жекпе-жегі үшін үш миллион доллар алғанын хабарлаған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети