11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Прокурор Арыстанбек Алекенов 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиеваны 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокурор Арыстанбек Алекенов 11 жастағы Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиеваны 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шарипа Ақбердиеваны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тарауының, 3, 7, 14-тармақтары ("Адамдар тобымен кісі өлтіру") бойынша, 125-бабының 2-тарауының 1,5-тармақтары ("Адамды ұрлау") бойынша және 132-бабының 4-тарауы ("Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту") бойынша кінәлі деп тауып, осы баптардың жиынтығы бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыруды және бала тәрбиелеу мен педагогикаға қатысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды сұраймын", - деді прокурор.

18 мамырда өткен сот отырысы барысында Өркен Азаматұлын өлтірді деп айыпталған өгей шешесі жындыханада емделгенін мәлімдеген болатын. "Иә, мен 1994 жылы психиатрлық ауруханада емделдім, бірақ ол жақтан қашып кеттім. Әлі күнге дейін дәрі-дәрмек ішемін", - деген еді Шарипа Ақбердиева. Алайда Ақбердиева өзінің балаларына Өркенді өлтіруге тапсырыс бергенін мойындамады.

Осыған дейін 11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиеваның баланы өлтірді деген айыптармен келіспей отырғаны хабарланған болатын. Судья сотталушылардан бұл айыптаулар түсінікті ме деп сұрағанда Шарипа Ақбердиева: "Түсінікті, бірақ келіспеймін. Барлық сұраққа жауап беруге дайынмын" - деп жауап берген еді.

Еске салайық, бала 19 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы оның әжесі хабарлаған. 22 қаңтарда түнде Өркен Азаматұлының мәйіті Алматы маңындағы саяжайдың жертөлесінен табылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети