15 мамыр 2017 20:03

Алматы маңында өлтірілген баланың әжесі: Өркен Шарипаны "шеше" деп атайтын

ПОДЕЛИТЬСЯ

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиева баланы өлтірді деген айыптармен келіспей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 


11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиева баланы өлтірді деген айыптармен келіспей отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. 

Алматы облыстық ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 11 жастағы Өркен Азаматұлын ұрлап әкетіп, өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. Оған судья Берікжан Байжүнісов төрағалық етті.

Сот алдында баланың өгей шешесі Шарипа Ақбердиева, балалары Темір мен Айдана Ақбердиевтер, бауыры Темірдің інісі - кәмелетке толмаған Қадыржан Гулямов, сондай-ақ такси жүргізушісі Руслан Мұталиев жауап беріп жатыр. Оларға "Топ болып адам өлтіру", "Топ болып адам ұрлау, "Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іс жасауға итермелеу" баптары бойынша айып тағылып отыр.

Судья сотталушылардан бұл айыптаулар түсінікті ме деп сұрағанда Шарипа Ақбердиева: "Түсінікті, бірақ келіспеймін. Барлық сұраққа жауап беруге дайынмын" - деп жауап қатты.

Сотта марқұм баланы баққан әжесі Бағдагүл Есенбекова сөз сөйледі. Ол оқушының ата-анасының қарым-қатынасы туралы мән-жайды айтты. 

"Балам ажырасқаннан кейін Шарипамен танысты. Балалары бар екенін білетінмін. Ол Айдананың жетім әрі сіңлісі екені жайлы өтірік айтты. Үлкен ұлы жайлы да білмедім. Бірнеше жылдан кейін ғана анықталды. Балам мен келінім бақытты болмады. Жиі жанжалдасатын. Шарипаның екі аты болды: Аида және Шарипа. Өркен Шарипаны "шеше" деп атайтын. Ол екі әкесі және екі шешесі бар екенін айтатын", - деді Бағдагүл Есенбекова. 

Әжесі немересінің өлімі жайлы қаралы хабарды тергеушіден естігенін айтты. "Достарым, көршілерім экстрасенске барған. Экстрасенс оларға: "Маған неге телефон шаласыздар? Өркен табылды, бірақ ол тірі емес" депті. Ол бірінші болып айтты. Немеремнің өлтірілгені жайлы білмегенмін. Көрішіміз Нұргүл тәкаппар болмай, келінім Шарипадан кешірім сұрауымды, жанжалдаспауымды сұраған. Ол Өркенді бір жерде тығып отыр деп ойладық. Өркеннің шын мәнінде өлі табылғанын маған тергеуші айтты", - деді Есенбекова.

Ал Өркеннің әкесі Азамат Кемпірбаев баланы өлтірудің басты себебі деп Шарипаның қызғанышын атады.

Алдын ала сот тыңдауында прокурор Арыстанбек Әлекенов мектеп оқушының өлімі жайлы жай-жапсарды айтқан болатын. Бұған дейін сотталушылар алқа билерден бас тартқан.

 Еске салайық, бала 19 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Бұл туралы оның әжесі хабарлаған. 22 қаңтарда түнде Өркен Азаматұлының мәйіті Алматы маңындағы саяжайдың жертөлесінен табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети