30 қаңтар 2014 10:28

Астанада дәмханалардың бірінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейтарап сурет Фото ©Нұрғиса Елеубеков Бейтарап сурет Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Астанада "Адал Дөнер" дәмханасында жарылыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Министрліктің мәліметінше, 29 қаңтар күні сағат 21.37-де бесқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмханада газ баллоны жарылған. Жарылыстың арты өртке ұласпады. "Жарылыс салдарынан екпінді толқын дәмхананың ауданы 16 шаршы метр болатын шыны витриналары шағылып қалды. Оқиға орнынан көрші дәмханада әкімші болып қызмет ететін 1993 жылы туған Ж.Манапов деген азамат ауруханаға жеткізілді", - делінген ведомствоның хабарламасында. Басқа зардап шеккендер жоқ. Төтенше оқиға салдарын залалсыздандыруға қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 36 адам мен 8 техника тартылды. Сонымен бірге, оқиға орнында Аймақтық аэроұтқыр жедел құтқару орталығы мен Апат медицинасы орталығы мамандары да жұмыс істеді. Еске сала кетейік, өткен аптада Қарағандыда да дәмханада газ баллоны жарылып, он адам зардап шеккен еді. Кейін олардың бірі ауруханада қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети