13 тамыз 2018 14:12

"7-20-25" бағдарламасы бойынша қандай банктер несие береді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека кредитін төрт банк ұйымы береді: Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK және Цеснабанк. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыс қызметі бастығының орынбасары Айбар Олжаев хабарлады. 


"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека кредитін төрт банк ұйымы береді: Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK және Цеснабанк. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Баспана" Ипотекалық ұйымы" АҚ Сыртқы байланыс қызметі бастығының орынбасары Айбар Олжаев хабарлады. 

Оның айтуынша, осы аптада бағдарламаға тағы бір қаржы институты - "Еуразиялық банк" қосылады. 

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына (АҚ) қатысты. Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" бағдарламасы бойынша өз тұтынушыларымен белсенді дайындалу жұмысын жүргізіп жатыр. Банктің ішкі механизмі сәйкестендіріліп, сонымен қатар банктің сенімді басқаруға лицензия алу процесі де жүріп жатыр. Біздің ойымызша, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тез арада "7-20-25" бағдарламасына қосылып кетеді", - деді Айбар Олжаев. 

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасы бойынша ең жоғары сұраныста аумағы 62 шаршы метр екі бөлмелі пәтерлер екені анықталды. Сонымен бірге, "7-20-25" бағдарламасы арқылы сатып алынатын баспананың орташа құны да есептелді. Қазіргі таңда ол көрсеткіш 14 миллион 68 мың теңгені құрайды.

Қарыз алушының ортақ сипаты да белгілі болды. Ол - Қазақстан Республикасының азаматы, жас шамасы 24 пен 40 жас аралығында, отбасының ай сайынғы табысы 200 мың теңге көлемінде.

"Қазіргі таңда бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтың өтініші мақұлданғанын байқап отырмыз. Ол "7-20-25" бағдарламасының көкейкестілігін, дер кезінде қолға алынғандығын және әлеуметтік бағытын айқын дәлелдейді", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Қайрат Алтынбековтің сөзінше, жылдық үстемесі 7 пайыз болатын "7-20-25" ипотекасының ай сайынғы төлемі пәтерді жалға алып тұрғаннан арзан шығады.

"Пәтер жалдағаннан көрі, өз баспанаңда тұрғанға не жетсін", - деп қайырды Қайрат Алтынбеков.

13 тамыз күнгі жағдай бойынша, Қазақстан халқынан бағдарламаға қатысуға 15,4 миллиард теңге сомасына 1323 өтініш келіп түскен. Оның жалпы сомасы 9,7 миллиард теңгені құрайтын 843 өтініші банктер тарапынан мақұлданды. Қазіргі таңда, "7-20-25" бағдарламасының ипотекалық несиесін Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK мен ЦеснаБанк арқылы алуға болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети