16 қазан 2018 13:26

"7-20-25" бағдарламасының сәтті болуы қазақстандықтардың төлем қабілетіне байланысты - Ақышев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Tengrinews.kz Иллюстрация © Tengrinews.kz

Әлеуметтік бағытына қарамастан, "7-20-25" бағдарламасы ипотека болып табылады және бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болуы керек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік бағытына қарамастан, "7-20-25" бағдарламасы ипотека болып табылады және бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болуы керек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарлама азаматтарымыздың масылдығын құрмауға тиіс. Бағдарлама мөлшерлемесі төмен және кредиттеу мерзімі ұзақ, әлеуметтік бағыттағы бағдарлама болып табылады, бірақ ол ипотека болып қала береді. Бұл кредитті төлеу үшін ресми расталған кіріс болу керек дегенді білдіреді", - деді Ақышев үкімет отырысында.

Ол құны 10 миллион теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 миллион теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді.

"Ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады. Тиісінше, банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек. Себебі кредит бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар. Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шаралары қажет", - деді Ақышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети