"7-20-25": Миллион теңгеге тұрғын үй сертификатын алудың жолы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана әкімдігінде "7-20-25" тұрғын үй сертификатын қалай алуға болатыны жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігінде "7-20-25" тұрғын үй сертификатын қалай алуға болатыны жайлы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы Руслан Ахметов тұрғын үй сертификаттарының тек бюджет саласындағы қызметкерлерге берілетінін айтып өтті: білім беру, денсаулық сақтау және полицейлер қызметі.

"Көрсетілген қызметкерлердің табыс деңгейі аса жоғары болмауына байланысты олар тұрғын үй алу үшін қажетті ақша жинай алмайды. Талдау жүргізіп жатырмыз. Денсаулық сақтау мен білім береу салаларында, ішкі істер департаментінде 30 мыңнан аса қызметкер бар. Олардың шамамен 16 000-на пәтер қажет. Сондай-ақ, осы салаларда бос орындар көп: денсаулық сақтау саласында - 182, білім беру саласында - 344, ал полиция қызметінде 700-ден аса бос орын бар", - деді Ахметов қоғамдық кеңестің отырысы барысында.

Оның айтуынша, осы салалардағы қызметкерлердің орташа жалақысы - 87 мың теңге.

Отбасында ерлі-зайыптының екеуі де жұмыс істесе, олардың ай сайыңғы табысы - 170 мың теңге. Бір айда жұмсалатын барлық шығынды алып тастайтын болсақ, ай сайын 30 мың теңгеден жинауға болады. ТҮҚЖБ-ға ақша салған жағдайда бір жылда шамамен 360 мың теңге жинауға болады. Ол пәтердің шаршы метрі 280-300 мың теңге болған жағдайда пәтердің бағасы 12 миллион теңге болатынын, ал бастапқы жарнаның 20 пайыз (2 миллион 400 мың теңге) болатынын айтты.

"Біз ТҮҚЖБ-мен есептеп көрдік. Алғашқы жарна 2 миллион 400 мың теңге болған жағдайда "7-20-25" бойынша қарызға ақша беретін болсақ, алғашқы төлем 7 пайыз болады. Сонда бюджет саласындағы қызметкерлер 15 жыл бойы ай сайын 83 мың теңге төлейді. Кейінірек бұл сома 3,5 пайызға қысқарып, ай сайынғы төлем 44 мың теңгеге дейін қысқарады", - деді Ахметов.

"Біреулерде 4 пәтерден, ал біреуде мүлде жоқ" - ТҮҚЖБ басшысы

Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден берілетіні жайлы хабарланған болатын.  "Баспана" Ипотекалық ұйымдағылардың мәліметінше, қазақстандықтарға жылдың соңына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro