Мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден беріледі

08 Қазан, 09:46
7
Иллюстрация © nvdaily.ru
Иллюстрация © nvdaily.ru

"7-20-25" бағдарламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін кем дегенде 50 мың дана тұрғын үй сертификаттары шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" Ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдағылардың мәліметінше, қазақстандықтарға жылдың соңына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылады.

"7-20-25" сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны едәуір жеңілдету мақсатында әзірленіп отыр. Сертификаттарды қала және облыс әкімдіктері өз тұрғындары арасында үлестіретін болады.

"Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек. Біз "Нұр Отан" партиясының қолдауымен алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөңгелетіп, осы аптадан бастап әр өңірлерде "7-20-25" сертификаттарын бере бастаймыз", - деді "Баспана" Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

"7-20-25" сертификатының орташа номиналы - 1 миллион теңге. Демек, жергілікті атқарушы органдар тарапынан "7-20-25" бағдарламасына қатысуды ынталандыру үшін кем дегенде 50 миллиард теңге бөлінбек.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында "7-20-25" бағдарламасы аясында алғашқы жарнаны арзандату мақсатында "Жас арман" мен "Қамқор баспана" өнімдері әзірленіп, олар өңірлерде іске асырыла бастаған еді. Енді өнімдер біріктіріліп, алғашқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік жұмыс "7-20-25" сертификаттары аясында кеңінен жүргізілмек.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай