13 желтоқсан 2019 20:04

Ақтаулықтар қоныс тойын тойлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтау қаласындағы 20 шағын ауданда көпқабатты тұрғынүй пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысып,  баспанасыз жүрген бір топ азаматқа жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Аймақ басшысы еліміздегі ең ұлық мереке - Тәуелсіздік күні аясында үйлі болып жатқан жандарды жаңа қонысымен құттықтады.

Жалдамалы баспана алғандардың қатарында түрлі категориядағы адамдар бар. Республикалық бюджет қаражатына сатып алынған 268 пәтер тұрғындарға арендалық баспана беру ережесіне сәйкес, жекешелендіру құқығынсыз беріледі. 

ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде "Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" керегін баса айтқан болатын. Осы орайда Маңғыстау облысында қарқынды жұмыс атқарылып жатыр.

Ақтау қаласы - тұрғын үй құрылысы бойынша Республикада көш бастап тұрған қалалардың қатарында. Мәселен, қалада 2017 жылы 380,3 (мың) шаршым метрді құрайтын, 51 көп қабатты тұрғын үй қолданысқа берілсе, 2018 жылы 661,5 (мың) шаршы метрді құрайтын, 61 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілген. 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 448,4 мың шаршы метр, яғни 2849 пәтер пайдалануға берілді. Сонымен қатар, жеке қаражат есебінен биыл жыл соңына дейін тағы 72, 2 мың шаршы метр, қолданысқа беріледі деп күтіледі.

Бүгінгі таңда "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 19А шағынауданында 144​ пәтерлік 2 тұрғын арендалық тұрғын үй, Аққу-3 шағынауданынан 670 пәтері бар несие тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл үйлерді 2020 жылдың аяғында пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, 2020 жылы 19А шағынауданынан 225 пәтерлік бес тұрғын үй, 18 шағынауданнан 216 пәтерлік төрт тұрғын үй салынады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети