29 қазан 2015 | 10:51

Алматыда келер жылы мемлекеттік бағдарламамен қанша тұрғын үй салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Келер жылы Алматыда әлеуметтік бағдарламалар бойынша 18 тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Келер жылы Алматыда әлеуметтік бағдарламалар бойынша 18 тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жалғасы

Телеарнаның мәліметінше, Алматыда соңғы 7 жылда 440 нысан салынып, қолданысқа берілген. Енді қалалық құрылыс басқармасындағылар келер жылы әлеуметтік бағдарламалар аясында 18 тұрғын үйдің бой көтеретінін айтып отыр.

"Қазіргі таңда обьектілердің барлығы қолданысқа берілген. 440 нысан салынды. Оның ішінде 120-сы білім беру, 45-і денсаулық сақтау, 26-сы әлеуметтік жоба бойынша бой көтерген нысандар. 254 тұрғын үй салынған", - деді Алматы қаласы Құрылыс басқармасы жетекшісінің орынбасары Асқар Мапаев.

Айта кетейік, келешекте құрылысты салу барысында жаңа жүйе қолға алынатын болады. Мамандардың сөзіне қарағанда, Алматы қаласына қосылған аймақтардың инфрақұрылымын көтеру мақсатында жобалар дайындалып жатыр. Бұл білім беру ошақтары, денсаулық сақтау және медициналық көмек көрсету орталықтары да бой көтереді деген сөз.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамандар елімізде баспаналардың әр шаршы метрінің шетелдік валютадағы бағасының 12 пайыздан жоғары мөлшерге төмендегенін айтқан болатын. Олардың айтуынша, бастапқы нарық қосалқы нарықты құлатуы мүмкін, себебі мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан үйлердің бағасы қосалқы нарықтағы бағадан бірнеше есеге төмен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети