23 қазан 2015 17:14

Қазақстанда бағасы доллармен белгіленген үйлер арзандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Астана мен Алматыда баспаналардың әр шаршы метрінің шетелдік валютадағы бағасы 12 пайыздан жоғары мөлшерге төмендеді, - деп хабарлайды "Крыша". Осылайша, Қазақстан астанасындағы баспаналардың әр шаршы метрінің бағасы қазір 1381 доллар болып тұр. Баға 25 тамыз бен 20 қазан аралығында құлдырады. Алматыда әр шаршы метрдің бағасы 1463 доллар - ол 20 тамыздан бері 12 пайызға төмендеген.


Астана мен Алматыда баспаналардың әр шаршы метрінің шетелдік валютадағы бағасы 12 пайыздан жоғары мөлшерге төмендеді, - деп хабарлайды "Крыша". Осылайша, Қазақстан астанасындағы баспаналардың әр шаршы метрінің бағасы қазір 1381 доллар болып тұр. Баға 25 тамыз бен 20 қазан аралығында құлдырады. Алматыда әр шаршы метрдің бағасы 1463 доллар - ол 20 тамыздан бері 12 пайызға төмендеген.

Қазіргі 277 теңге төңірегіндегі бағам бойынша елордадағы баспаналардың шаршы метрі 383 мың теңгеге тең. Ол жаздың ортасында болған бағадан 59 мың теңгеге жоғары. Ал Алматыда ұлттық валюта бойынша баға 85 мыңға артып, 405 000 теңгеге жетті. Сарапшылардың айтуынша, 2014 жылы ақпанда болған бағам өзгерісі кезінде доллармен белгіленген баға жылдың соңына қарай ғана төмендеді. Ал қазіргі жағдайда ол 6-7 аптаның ішінде жүзеге асты. Соның салдарынан 2016 жылы шаршы метрдің бағасы 1300 доллар болады деген болжам бар.

Мамандардың сөзіне қарағанда, доллармен белгіленген баға бағам өзгерісіне ілесе алмай келеді. Сонымен қатар, үйлерін теңгемен сатамын деушілердің хабарландырулары көбейген. Бірақ әзірше олардың қатары хабарландырулардың жалпы санының 30 пайызына ғана тең. Сонымен қатар, сатушылар хабарландырулардың жарнамасына көбірек қаржы жұмсап жатыр. "Ақылы бар сатып алушы қазір үй алатын болса ұтылмайды. Мен қазір таңдап, сатып алуға кеңес берер едім, себебі қазір өте өтімді нұсқалар жетерлік. Оларды қазіргі жағдай қатты қыспаққа алған сатушылар нарыққа жіберіп отыр", - деді ҚР делдалдарының бірлескен ұйымының вице-президенті Нина Лукьяненко.

Өз кезегінде жылжымайтын мүлік қауымдастығының призиденті Ермек Мүсірепов те күтудің қажеті жоқ деп есептейді. "Бұған дейін бірнеше мәрте айтқан болатынмын, үкімет өзінің тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде бағаның шегін белгілеп қойған. Ол дегеніміз жаңа үйлердің бағасынан төменге түспейді", - деді ол. Айта кетейік, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша баспананың әр шаршы метрінің бағасы 90 000-142 500 теңге аралығында. Мамандардың ойынша, бастапқы нарық қосалқы нарықты құлатуы мүмкін, себебі онда сатушылардың көпшілігі дәстүрлі түрде бағаны көтереді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети