21 қыркүйек 2016 08:56

Алматыда пәтерді ай сайын орташа есеппен 160 мың теңгеге жалдау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ndk.kz © ndk.kz

Алматының жалдамалы баспана нарығындағы баға пәтерлердің барлық форматына қатысты өзгерді, тек көпбөлмелі баспаналарды жалға алу құны өзгермепті. Бұл туралы kn.kz сараптама қызметі хабарлап отыр. 


Алматының жалдамалы баспана нарығындағы баға пәтерлердің барлық форматына қатысты өзгерді, тек көпбөлмелі баспаналарды жалға алу құны өзгермепті. Бұл туралы kn.kz сараптама қызметі хабарлап отыр. 

Мегаполистің жалдамалы баспаналар нарығын 12-18 қыркүйек аралығына жүргізілген бақылаудан алынған мәліметтер бойынша, қалада жалдамалы баспананың шаршы метрінің орташа бағасы 2 177 теңгені құраған. Алматыда орташа есеппен ай сайын төлемі 163 мың теңгеге пәтер жалдауға болады. Биылғы наурызда қалада пәтер жалдау құны 137 мың теңге болған еді.  

Жалпы қала бойынша "қымбат" баспананы жалға алудың орташа құны 264 мың теңге (ай сайын) болса, "арзаны" - 86 мың теңге (ай сайын).  

Сарапшылардың мәліметінше, 1 бөлмелі пәтердің орташа мөлшерлемесі - ай сайын 75 мың теңге, 2 бөлмелі пәтердің құны 152 мың теңге, 3 бөлмелісі - 240 мың теңге, 4 бөлмелісі - 356 мың теңге де, 5 бөлмелісі 737 мың теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети