07 қараша 2019 10:53

"Әскери баспана" бағдарламасының шарттары қандай?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТҮҚЖБ "Әскери баспана" - жылдық 8 пайызбен жеңілдікті несиелендіру өнімін әзірледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ТҮҚЖБ "Әскери баспана" - жылдық 8 пайызбен жеңілдікті несиелендіру өнімін әзірледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың қаңтарынан бастап заңнамаға әскери қызметшілерге өздері алатын тұрғын үй төлемдері есебінен ТҮҚЖБ-да қаражат жинақтауға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықтардан сатып алуға болады. Бүгінгі таңда әскери қызметшілер жалпы түсімі 149,3 млрд теңге болатын 86,4 мың арнайы шот ашты. ТҮҚЖБ 99 млрд теңгеге 6,5 мың заем берді.

Әлеуметтік маңызы бар мамандықтар бойынша да жекелеген бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылдың маусым айынан бастап мұғалімдер мен дәрігерлер үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы іске қосылды. 2019-2020 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы көлемі 40 миллиард теңгені құрайды, бұл нарықта 3 мың пәтер алуға мүмкіндік береді.

Жалға берілетін тұрғын үй жылдық 3,1 пайызбен бастапқы жарнасыз беріледі. Тұрғын үйді мерзімінен бұрын қандай да бір айыппұлсыз сатып алу құқығы қарастырылған. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ, өңірлер бойынша да, тұрғын үймен қамтамасыз етілетін қызметкерлердің тізімдерін құрастыруда. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети