Еліміздің қай қалаларында баспана қымбаттады?

05 Қазан 2018, 10:35
0
Еліміздің қай қалаларында баспана қымбаттады? - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Krisha.kz қыркүйек айының қорытындысы бойынша баспана нарығындағы өзгерістер мен қайталама нарықтағы баспаналарды несиелеудің жаңа бағдарламалары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы

Алматыда соңғы уақытта баспана нарығында айтарлықтай өзгерістер болды. Қазіргі уақытта мұнда шаршы метрдің бағасы 357 625 теңгеге жетіп отыр. Бұл тамыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,7 пайызға  (+12 725 теңге) көп. 

Шымкент

Қымбат баспаналар рейтингінде екінші болып Шымкент қаласы тұр. Кrisha.kz мәліметінше, Шымкентте орташа баға екі пайызға өсіп, шаршы метрі 209 350 теңгеге жеткен.

Павлодар

Павлодарда да қыркүйекте баспана бағасы 2 пайызға қымбаттаған. Орташа бағасы шаршы метріне - 168 825 теңге.

Алайда мұнда 2018 жылдың алғашқы үш айында пәтер 5,4 пайызға қымбаттаған. Осылайша, былтырғы қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда биыл баспана бағасы орташа есеппен 5,8 пайызға қымбаттаған.

Қарағанды

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қарағандыда пәтердің шаршы метрі - 200 450 теңге. Қарағандыда пәтер бағасы тек наурыз айында айтырлықтай қымбаттап кеткен болатын - 202 025 теңгеге дейін барған еді.

Семей 

Семейде қыркүйек айында шаршы метр - 165 700 теңгеге жеткен. бұл тамыз айындағы бағамен салыстырғанда 0,3 пайызға қымбат. Бірақ, сарапшылардың сөзіне қарағанда, мұнда айтарлықтай өзгеріс жоқ.

Петропавл

Петропавлда қыркүйекте пәтердің шаршы метрі 186 275 теңге жетті. Бұл тамыздағы көрсеткіштен 0,2 пайызға қымбат.

Астана

Астанада шаршы метр орташа есеппен 327 225 теңге екен. Ол тамыз айындағы бағадан 0,2 пайызға арзандаған.

Орал

Сарапшылардың мәліметінше, бұл жолы Астана мен Оралда баспана 0,2 пайызға арзандаған. Шаршы метр мұнда 176 600 теңге. Ол қаңтардағы көрсеткіштен 1,7 пайызға көп екен.

Өскемен

Өскемен мен Қостанайда баспана аса қымбаттамаған. Өскеменде пәтердің шаршы метрі 199 275 теңге.

Қостанай

Мұнда қыркүйекте баспананың шаршы метрі 189 025 теңге тұрды. Қаңтар айымен салыстырғанда баспана 2,7 пайызға қымбаттаған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай