Францияда қазақстандықтардың қанша пәтері бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Францияда қазақстандықтардың қанша пәтері бар? © pexels.com

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу методологиясы департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетов Францияда қазақстандықтардың атына қанша пәтердің тіркелгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу методологиясы департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетов Францияда қазақстандықтардың атына қанша пәтердің тіркелгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Жолмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында елдер арасындағы салық алмасу мәселесіне дайындықтың қалай жүріп жатқанын, сондай-ақ, Парижден 65 миллион еуроға сатып алынған пәтерге қатысты пікір білдірді.

"Осыған дейін Францияда сатып алынған атышулы мүлікке қатысты мәселені ескеретін болсақ, құзыретті органдағылардың мәліметінше, Францияда қазақстандықтардың шамамен 60 нысаны бар", - деді Қайрат Жолмұхамбетов.

Сондай-ақ, ол барлық мүлікке салық төленіп жатқанын айтып өтті.

Парижде құны 65 миллион еуро тұратын пәтердің иесі кім?

Еске сала кетейік, мұның алдында шетелдік БАҚ өкілдері Парижде 65 миллион еуро тұратын пәтерді Қазақстан үкіметінің өкілі сатып алғаны жайлы хабарлаған еді. Айтуларынща, пәтерде бес жатын бөлмесі, SPA-аймағы және арнайы бассауға бөлмесі бар. Пәтердің жалпы аумағы - 1 200 шаршы метр.

Кейінірек ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мүліктің мемлекеттік ақшаға алынуы мүмкін емес мәлімдеген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети