14 қараша 2017 23:10

ҚР үкімет өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© urbanus.ru © urbanus.ru

"Қазақстан Үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға элиталы пәтер сатып алды. Бұл Франция астанасында осы жылы жасалған ең қымбат сауда-саттық болды". Осындай ақпарат элиталы жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын Мansionglobal халықаралық агенттігінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


"Қазақстан Үкіметінің өкілі Парижден 65 миллион еуроға элиталы пәтер сатып алды. Бұл Франция астанасында осы жылы жасалған ең қымбат сауда-саттық болды". Осындай ақпарат элиталы жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын Мansionglobal халықаралық агенттігінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ондағы мәліметке сай, пәтер әйгілі Елисей алаңына жақын жерде, бай-манаптар тұратын ауданда орналасқан. Аумағы - 1200 шаршы метр. 5 жатын бөлмесі, спа-аймақ, қызметшілер мен күзетке арналған бөлек орындар қарастырылған. Әсіресе, қауіпсіздігі керемет. Терезелерінен оқ өтпейді, және бас сауғалайтын арнайы жер де бар.

Сауданың болғанын арна тілшілеріне бельгиялық риелтор де растаған.

"Жылжымайтын мүлік ресейлік олигархқа тиесілі еді. Оны жеке кездесулер өткізуге қолайлы ету үшін, 100 млн еуродай қаржы құйды. Сатып алушы - Қазақстан Үкіметінің өкілі. Пәтердің нарықтағы бағасы шаршы метрі үшін кем дегенде 20 мың еуро. Яғни үйдің құны 24 миллион еуроны құрайды. Қосымша күшейтулер, жаңғыртулар мен көліктердің құны әрі кетсе 5 миллион еуроға түсуі мүмкін", - деп пікір білдірген бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен.

Жылдың ем қымбат саудасы туралы мәлімет бірқатар басылымдарда жарияланған. Ал, Қаржы министрі мен Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бұл ақпараттан хабарсыз болып шықты. Тіпті ведомстволар бір біріне сілтеді.

"Бұл сұрақты сыртқы істер министрлігінің өкіліне қойып тұрғандарыңызға таң қалдым. Мен бұл сұрақ министрліктің құзыретінде емес деп сеніммен жауап бере аламын. Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің әрекетіне қатысты түсінік бере алмайды", - дейді ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети