Мемлекеттік телеарна Ермегияев тұратын зәулім үйді көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік телеарна Ермегияев тұратын зәулім үйді көрсетті ©"Хабар" телеарнасының кадры

Мемлекеттік "Хабар" телеарнасы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талған Ермегияевтің зәулім үйін көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңалықтарда шенеуніктің қамауға алынуының мән-жайы айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік "Хабар" телеарнасы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талған Ермегияевтің зәулім үйін көрсетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңалықтарда шенеуніктің қамауға алынуының мән-жайы айтылады.

Телеарна тілшілері халықаралық көрмені ұйымдастыруға жауапты компанияның бұрынғы басшысына қатысты кей мәліметтерді анықтады. Тергеу уақытына үй қамауына алынған Талғат Ермегияев алдағы 2 айды Есіл өзенінің жағасындағы зәулім үйде өткізеді.

"Үйдің консьержі бұрынғы шенеуніктің баспанасы үйдің 5-қабатын түгелдей алып жатқанын айтты. Бұл подъезде 6 отбасы ғана тұрады. Ал мәселен, келесі подъезде 27 отбасы орналасқан. Күдікті тәулік бойы күзетте. Оған Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері туған-туыстары және қорғаушыларынан өзге біреумен тілдесуге тыйым салынған. Және байланыс құралдарын, телефон мен интернетті пайдалануға да рұқсат жоқ", - деп хабарлады телеарна тілшілері.

Осыған дейін Есеп комитетінің "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының қаржылық қызметін тексермейтіні хабарланған болатын. Бұл туралы ведомство басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 13 маусымда "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевті үй қамауына алу туралы санкцияны Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты берген. Мұндай бұлтартпау шарасын сотқа дейінгі тергеу органдары мен прокуратура ұсынды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети