Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында тексеріс жүргізбеген

15 Маусым 2015, 12:22
1
Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында тексеріс жүргізбеген - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Есеп комитеті "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында тексеріс жүргізбеген. Бұл туралы тілшілерге Сенаттың толық отырысының үзілісінде комитет басшысы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен қандай да бір мәліметті бақылау шараларының қорытындысы бойынша бере аламын. Біз ЭКСПО-мыз, кем дегенде менің қызметімді осы қызметте тексерген жоқпыз. Сондықтан ештеңе айта алмаймын. Сандарды білмеймін. Есеп комитеті жоспарлы тексеріс жүргізетін орган, осы жылға жоспар құрылып қойды. Онда ЭКСПО жоқ. Алайда Президент әкімшілігі немесе Мемлекет басшысы сәйкес тапсырма берсе, осы тапсырманы орындау үшін жұмыс атқарамыз", - деді Жаңбыршин.

Еске салайық, 2015 жылдың 11 маусымында Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Ол үй қамауына алынды. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновті қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай