26 желтоқсан 2017 01:14

Назарбаев: Мемлекет пәтерлерді тегін бере алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық журналистерге берген сұхбатында тұрғын үй мәселесі жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық журналистерге берген сұхбатында тұрғын үй мәселесі жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы тұрғын үй мәселесінің барлық елде болғанын және әлі де барын атап өтті. 

"Біз толықтай урбанизацияланған ел емеспіз. Бізде халықтың 40 пайызына жуығы ауылдық жерлерде тұрады, ал ауылда жұмыс істейтіндердің үлесі 20 пайыз ғана. Олар қалаларға келіп жатыр. Қазір бізде "Тұрғын үй құрылыс жинақ" бар. Адам белгілі бір соманы жинайды - 50 пайыз, қалғанын банк кредитке береді де, ол пәтер сатып алады, кейін төлей бастайды", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға ұсынылып отырған жалға берілетін баспананың қағидасын түсіндірді. "Кейінгі сатып алу құқы жоқ жалға берілетін баспаналарға мұқтаждар - мүгедектер, соғыс ардагерлері, бұл санатта мұндай бағдарламада кейінгі сатып алу мүмкіндігі жоқ. Үшіншісі - жеке тұрғын үй құрылысы: 10 сотық жер беріледі де, өзі үй салады", - деп мысал келтірді Назарбаев. 

Президент қазіргі таңда жұмысы бар кез келген адамның баспана алуға мүмкіндігі барын айтты.

"Бір үйде екі адам жұмыс істесе, ипотека төлей алады. Бірақ жұмыс істейтін адам ғана баспаналы бола алады. Еш жерде жұмыс істемесең, біреу саған пәтер бере сала ма? Мұндай болмайды. Қазіргі нарық жағдайында мемлекет тегін бере алмайды және бермеуі тиіс. Бірақ мемлекет мұндай азаматтарға көмектесіп, пайыздық мөлшерлемесін азайтады. Әкімдіктер жалға берілетін баспана құрылысына төмен мөлшерлемемен бөледі. Бұл аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек", - дейді Президент.

"Халық осыны біліп, төрт бағдарламаға қатысуы керек: әркім өзіне қолайлысын таңдасын. Қолымызға қарындаш алып санадық. Мемлекеттің басты міндеті - халыққа жұмыс беру. Адам жұмыс істеп, пайда табуы тиіс. Егер ол біздің жағдайда, индустриалдық экономика жағдайында жұмыс істесе, ипотека, кредит төлейтін қаражаты болып, баспаналы болатын мүмкіндігі бар. Халық саны артып жатыр, бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл мәселе әрдайым бола береді. Біз осы мәселені шешу үшін жүрміз", - деп қорытындылады Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети