Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" ғимараты саудасы неге тоқтатылғаны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" ғимараты саудасы неге тоқтатылғаны айтылды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан орталығындағы ұлттық компания кешені неге аукционнан алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтан орталығындағы ұлттық компания кешені неге аукционнан алынғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мырзағалиевтің айтуынша, "ҚазМұнайГаз" ғимараты аукционы бағалау негізділігіне қатысты сұрақтар туындауына байланысты тоқтатылған.

"Бұл айтып отырған ғимарат бізге тиесілі. Сондықтан аукционға байланысты, шынымен де осындай жұмыс болды, өйткені қазір бұл ғимараттан көшіп кеткенбіз. Қазір бұл ғимаратты Энергетика министрлігі алып жатыр. Аукцион неге өтпей қалды? Өйткені бағалау туралы, бағалаудың негізділігі туралы сұрақтар туындап, қазір бағалаушылармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысты атқара салысымен, сіздерге және жұртшылыққа хабарлаймыз деп ойлаймын", - деді Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" ғимараты бағаланған сома жеткілікті.

"Шын мәнінде, бағалаушылар арзан баға қоймады. Өйткені 11,7 миллиард теңге әбден барабар деп бағаланып, елордамыздағы жылжымайтын мүлік нарығына сай. Бірақ бұл бағалауды жүргізген бағалаушының құзыретіне қатысты сұрақтар туындады. Бұл мәселелер оның аттестациясына қатысты", - деп түсіндірді ол.

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" ғимаратының саудасы тоқтатылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети