28 шілде 2022 11:58

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" ғимаратының саудасы тоқтатылды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы кешеніне қатысты сауда-саттық тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы кешеніне қатысты сауда-саттық тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Электрон сауда алаңы сайтындағы сауда-саттық мәртебесі "сауда-саттық басталғанға дейін тоқтатылды" деп өзгертілді.

Бағаны көтеру форматындағы аукцион 31 тамызға жоспарланған еді.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың мүліктік кешені (В, С, Е блоктарынан тұратын әкімшілік ғимарат), Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Бағалау құны: 11 726 860 000 теңге. 

Нысанның жалпы ауданы - 24 жер учаскесі - 21 316 шаршы метр. Бұл 0,543 гектар жерде орналасқан.

Сурет: Электрон сауда алаңы

20 қабатты кешен кеңсе және қосалқы бөлмелерден тұрады. Ғимаратта асхана мен мейрамхана бар. Бұл бағаға жер телімдері, күзет бекеттері, тротуарлар мен автотұрақтар кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети