11 наурыз 2019 10:01

"Нұрлы жердің" неше пәтері "7-20-25" бағдарламасы бойынша сатылады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша, 2019 жылы әкімдіктер "Нұрлы жердің" 3 355 пәтерін "7-20-25" бағдарламасы бойынша сату үшін бөледі , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Баспана" ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.

Ұйымдағылардың мәліметінше, "7-20-25" бағдарламасы үшін қолжетімді пәтерлердің ең көп саны Шымкентте (1282 пәтер), Ақтөбеде (605 пәтер) және Солтүстік Қазақстан облысында (411 пәтер) беріледі.

Еске салайық, осыған дейін"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер әкімдіктерде кезекте тұрғандар мен Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшылары арасында бөлінген еді. Алайда тұрғын үйлерді өткізу қағидаларына өзгерістер енгізуге байланысты жыл басынан "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілетін тұрғын үйге "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар да қол жеткізетін болды.

Егер нарықта тұрғын үйді сатып алу кезінде "7-20-25" бағдарламасына қатысушылар пәтерді құрылыс компанияларының сату бөлімдері арқылы таңдаса, мемлекеттік тұрғын үйді алу жағдайында пәтерлердің болуын және сипаттамаларын жергілікті әкімдіктерден нақтылау қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети