"Самұрық-Қазына" баспаналарын жалға алушылардың 90 пайызы - жас отбасылар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
“Профессиональный разговор” бағдарламасының студиясында. “Профессиональный разговор” бағдарламасының студиясында.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының" Қазақстанда құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізу мәселелеріне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының" Қазақстанда құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізу мәселелеріне қатысты сұрақтар Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Транспаренттік пен ашықтық - сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі қағидаты. Бізбен серіктес бола бастаған құрылыс компаниясы көлеңкелі экономикаға қатысты барлық сұрақтарын босағаның ар жағында қалдыруы тиіс. Біз мемлекеттік сараптама мен бір шаршы метрдің бағасы бекітілмей тұрып құрылыс компаниясымен келісімшарт жасаспаймыз", - деді бағдарлама қонағы.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасы Болат Палымбетовтің айтуынша, қор ұсынған жалға беру пәтерлерінің 80-90 пайызын жас отбасылар алған. "Мемлекеттен баспана алу кезегінде расында да халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы тұру тиіс", - деді ол.

"Біз баспана құрылысы саласындағы жеке кәсіпкерлікті алмастыра алмаймыз. Біз ипотекалық несиелеу сынды банк қызметіндегі нарықтық ұғымды да алмастыра алмаймыз", - деп есептейді Болат Палымбетов. "Қолжетімді баспана туралы айта бастасақ, барлығы ол арзан баспана болуы тиіс деп есептейді. Менің ойымша, қолжетімді механизм болуы тиіс, ол - арзан ипотека, сатып алу құқығымен жалға беру және жай ғана жалға беру. Сондықтан біз "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы туралы айтқанда баспананың бағасы туралы айтпауымыз керек. Арзан бағада баспана болмайды", - деді бағдарлама қонағы. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының басқарма төрағасының айтуынша, мемлекет барлығын бірдей баспанамен қамти алмайды. Жеке кәсіпкерлікті дамыту керек.

Баспана құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен Қазақстандағы жалға берілетін баспана саласын дамытудың механизмдері туралы толығырақ бүгін, сағат 20.30-да СТВ телеарнасынан Жаннат Ертілесованың “Профессиональный разговор” бағдарламасының эфирінде Қордың басқарма төрағасы Болат Палымбетовпен болатын сұхбаттан тыңдап, көре аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro