Алматы әуежайында қызды кепілге алу оқиғасы: сотталушы өз нұсқасын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам сотта неліктен мұндай қадамға барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам сотта неліктен мұндай қадамға барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның сөзінше, әуежайға кездейсоқ барған. Айыпталушы Машрапбек Баратов сол күні жұмыс іздеп шыққанын, өйткені ол күзетші болып жұмыс істеген түнгі клуб үшінші ай қатарынан жалақысын кешіктіргенін айтты.

"Таңертең ерте үйден шығып, 8 наурызға бірдеңе сатып алайын деп ойладым, ең құрығанда торт алсам дедім. Сейфуллин көшесіне бардым, өйткені кейбіреулер сол жерде тұрып, ақша табады. Сейфуллин көшесіне барсам ешкім жоқ. Содан кейін 106-автобусқа отырдым, онымен үйге жетемін деп ойладым. Телефоннан OLX-тегі хабарландыруларды қарап келе жаттым. Ауысымнан кейін менде екі күн бос болды. Түсетін жерімнен асып кеттім, әуежайға дейін қалай жеткенімді білмеймін", - деді айыпталушы.

Ол әйелі мен екі баласы барын жеткізді. Ер адамның сөзінше, қаржылық қиындықтарға тап болған, отбасына бұл жайында айтпаған.

"Отбасылық мәселелерім болды, іштей күйзелісте болдым, бірақ әйеліме де, ұлыма да, қызыма да ашылып айта алмадым. 3 ай қатарынан қаржылық қиындықтар болды. Әуежайға кіріп, ішінде жүрдім, кейін Астанаға ма, әйтеуір бір жаққа ұшатын ұшақ туралы хабарландыру естідім. Мұндай ой қайдан келгенін білмеймін, өтіп кетемін деп ойладым. Ал қалтамда 7 мың теңге ғана бар еді", - деп еске алды Баратов.

Оның айтуынша, тексеріс аумағына дейін кедергісіз жеткен, ал сол жерден жәбірленуші қыз тоқтатқан. Оның сөзінше, бұл оның ашуына тиген.

"Ол мені тоқтатып, "құжаттарыңыз қажет" деді. Оған 2-3 минуттан кейін қайтатынымды түсіндірдім. Кетіп бара жатқанымда, жағамнан ұстап, тарта бастады. Содан кейін оның шашынан ұстап алдым. Кейін полицейлерді көрдім, олар атады деп ойладым. Өзіммен бірге ас үй пышағы болды, ол сөмкемде бір жарым жылдан бері жатыр. Бұл пышақпен жұмыста жүрген кезде консервілерді ашып, шұжық кесетінмін. Ол дүкеннен сатып алғанымдай өткір емес", - деді айыпталушы.

Оның айтуынша, кейін адамдар жинала бастаған. Ол полицейлерге қызды өздеріне айырбастауды ұсынғанын, бірақ олардың ешқайсы келіспегенін жеткізді.

"Оны қорқытқан жоқпын, мойнына немесе басына пышақ тақамадым. Оған "айғайлама, қазір жіберемін" дедім. Ол одан сайын айғайлады. Бір кезде қарасам, көп адам жиналған, полицейлер тұр. Полиция қызметкеріне: "табельдік қаруыңды тастап, маған жақында, қызды жіберемін" дедім. Ол жақындамады. Екінші сержант та сол жерде тұрды, оған "онда сен қаруыңмен кел" дедім, ол да жақындамады. Барлығы қорықты. Сол жерде "әуежайды жарып жіберемін" деп қалай айтқанымды білмеймін", - деп мойындады зейнеткер.

Кейін бұл жағдайға Мұса Әбдірайымов араласқан.

"Сол жігіттің қолынан ұстадым. Оның тамағына пышақ тақамадым, жай ғана қолынан ұстадым. Ешқандай талап қойған жоқпын. Мен алаңдап кеткен кезде сол жігіт пышақты алды. Содан кейін бәрі маған шабуыл жасап, еденге жатқызды", - деді ол.

Айта кетейік, бұл дерек бойынша үш қылмыстық іс қозғалды:

  • Кепілге алу (ҚР ҚК-нің 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы) бойынша мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
  • Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық (ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
  • Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚР ҚК-нің 273-бабы) бойынша 5 000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, 7 наурызда Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды. Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адам қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға ішкі терминалда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушы ұсталды. Ол қамауға алынды.

Артынша Президент Алматы әуежайындағы оқиғаға қатысты батыл азаматты марапаттауды тапсырды.

Әуежайда кепілге алынған адамды құтқарған Мұса Әбдірайым "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

Әуежайда қызметкерді кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды. Алматы әуежайындағы оқиға бойынша үш қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.57  course up  570.44  course up  6.32  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer