14 тамыз 2018 10:17

Сарапшылар бір бөлмелі пәтерде тұрудың қаупін айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Бір бөлмелі пәтерде тұратын адам психикалық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы салалық басылымдарда жарияланған дәрігерлердің зерттеуінен білуге болады, - деп хабарлайды "Вести-Недвижимость".


Бір бөлмелі пәтерде тұратын адам психикалық ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл туралы салалық басылымдарда жарияланған дәрігерлердің зерттеуінен білуге болады, - деп хабарлайды "Вести-Недвижимость".

Ғалымдардың айтуынша, жеке кеңістігінен айырылған адам жайсыздық пен психикалық ауруға шалдығады. Өз өзіңнен алшақтай алмайтын жерде тұру, күйгелектік пен көңілсіздікке әкелуі мүмкін. Онымен қоса кішкентай кеңістікте індет тез таралады. 

Баланың жеке кеңістігі болмаса, ол тыныс алу органдарының ауруларына, әлсіз иммунитет пен семіздікке бейім болады. 

Сарапшылар жағдайға қарай үйдің шаршы метрі ұлғайса, отбасы мүшелерінің дертке шалдығуы азаятынын анықтады. Мұны үлкен кеңістіктегі ауаның алмасуымен түсіндіруге болады, - деп жазады "МедикФорум".

Ғалымдардың ойынша, адамда барлық тірі ағзалар секілді ескі қорғаныс механизмі болады, сондықтан олар бос кеңістіктің болғанын қалайды. Адамды көп уақытқа жеке кеңістігінен айырса, ыңғайсыздық, агрессия, алаңдаушылық пайда болады. Тіпті жақындары мен туыстарының жанында тар жерде жүру ұзақ уақытқа созылмайды. Себебі адам дербестік сақтауға бейім, - дейді сарапшылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети