"Бәйтерек" Холдингінің құрамына кіретін "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Банк салымшыларын 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін "Өз үйім" атты дағдарысқа қарсы бірегей бағдарламасын жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бәйтерек" Холдингінің құрамына кіретін "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ Банк салымшыларын 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін "Өз үйім" атты дағдарысқа қарсы бірегей бағдарламасын жасап шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк өкілдерінің айтуынша, бағдарлама 3 бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі, мемлекеттік-жеке серіктестік және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық. Қазіргі уақытта ЖАО (жергілікті атқарушы орган), екінші деңгейлі банкпен және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілу үстінде.
"Өз үйім" бағдарламасының мынадай артықшылықтары бар: Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына толық басымдық беріледі, бір шаршы метріне төмен баға қарастырылады, валюта бағамдарына тәуелсіз және үй сатып алу кезінде ерекше талаптар қойылмайды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бағдарламаға банктің кез келген клиенттерінің қатыса алатыны, алайда бірінші болып үй сатып алу құқығына баспанасы жоқ салымшылардың ие болатыныайтылады. "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынан айырмашылығы, Алматы мен Астана қалаларында соңғы екі жылда тіркеуде тұруы міндетті емес. Қазіргі уақытта Бағдарламаның әр шаршы метрге орташа көрсеткіші 180 мың теңгені құрап отыр. Қарыз төлемінің жылдық пайызы 5-10 пайыз аралығында. 2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша жасалатын жұмыс көлемі 350 мың шаршы метрді құрайды. "Өз үйім" Бағдарламасы аясында жалпы 1,5 миллион. шаршы метр үй салу жоспарланып отыр", - деп хабарлады банктегілер.
"Бұл бірегей бағдарлама өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына керемет қосымша болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылары осы бағдарлама арқылы баспананы қолжетімді бағамен сатып ала алады. "Өз үйім" бағдарламасының бірегейлігі, салымшылар ашық түрде дауыс беру арқылы құрылыс компаниясын және баспана жобасын өздері таңдайды. Бағдарламаны банк жеке қаражатынан қаржыландырады. Биыл "Жас отбасыларға арналған үйлер" және "Халықтың барлық санатына арналған үйлер" бағыты бойынша Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метрді құрайтын келісім жүзеге асады. Мемлекеттік бағдарлама аясында да баға тұрақты. Бір шаршы метр үшін өңірлерде бекітілген баға 90-110 мың теңге болса, ал Астана мен Алматы қалаларында 143 мың теңге болмақ", - делінген хабарламада.