10 желтоқсан 2016 11:59

300 миллион көрермені бар түрік телеарнасы Түркістан туралы фильм түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан қаласындағы Яссауи кесенесі. © surak.szh.kz Түркістан қаласындағы Яссауи кесенесі. © surak.szh.kz

Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының "TRT AVAZ" халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, Түркістан туралы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таяуда Оңтүстік Қазақстан облысына Түркия Республикасының "TRT AVAZ" халықаралық телеарнасының түсіру тобы арнайы жұмыс сапарымен келіп, Түркістан туралы фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің өкілдерінің айтуынша, телеарна өкілдері ОҚО-дағы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен жалпы аймақтың даму көрсеткіштері туралы да мағлұматтар алған.

"Оңтүстік Қазақстан облысы туралы арнайы бағдарлама әзірлеп жүрген шығармашылық топ өңірдің экономикалық даму, индустрия және туризм салалары бойынша үш бағыттағы жұмыстарының жайын жер-жаһанға көрсетпек", - дейді әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, "TRT AVAZ" телеарнасының шығармашылық ұжымы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтан сұхбат алыпты. Сұхбатында әкім өлкені дамытудағы болашақ жоспарларын айтып беріп, 300 миллион көрермені бар телеарна арқылы түркі бауырлас елдерді Қазақстанның оның ішінде қонақжай Оңтүстіктің туристік мекендерін тамашалауға шақырды.

Алайда фильмнің қашан шығатыны жайлы айтылмай отыр.

Айта кетейік, "TRT AVAZ" халықаралық телевизиясы Түркия Республикасының 7 тілде, соның бірі қазақ тілінде хабар тарататын ең ірі телеарнасы болып табылады. Еуропа мен Орта Азия аумағына тарайтын, яғни олар бауырлас мемлекеттер - Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан сынды сегіз елге хабар таратады. Онда аталған республикалардың ұлттық дәстүрлері мен өнері, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламалары көрермен назарына ұсынылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети