05 қараша 2020 10:15

"Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы" әлеуметтік роликтер мен қысқаметраж фильмдер фестивалі өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы" әлеуметтік роликтер мен қысқаметраж фильмдер фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы" әлеуметтік роликтер мен қысқаметраж фильмдер фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік роликтер мен қысқаметраж фильмдер фестиваліне қырықтан аса үміткер жұмысын ұсынған.

"Қазақстан республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза" Биылғы жыл Халықаралық Абай жылы болды, оның шығармаларына әлемнің көптеген елі қызығушылық танытты. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде атап өтілуде" деген болатын.

Халықаралық деңгейде атап өтілгелі тұрған елеулі оқиғаны біз де ескерусіз қалдыра алмаймыз. Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын ауқымды көлемде атап өту мақсатында Қазақстан республикасы, Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен онлайн фестиваль өз жұмысын бастауға дайын", - дейді ұйымдастырушылар.

Мемлекет басшысы "Абайдың сөздері ешқашан өзектілігін жоғалтпайды, жалпыға түсінікті және жер бетіндегі барлық адамзат үшін айтылған" деген болатын. Сондықтан да ұсынылған шығармаларда Абай XIX ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл бола тұра ХХІ ғасырдың талабына сай ой толғаған, рухани реформатор, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптасуына ықпал еткен көреген тұлға ретінде көрініс табуы тиіс. Фестиваль қатысушылары Абайдың дүниетанымдық ұстанымдары мен өсиетіне берік болып, ұлы пәлсапашы әрі поэттың ойын шынайы жеткізе білуі тиіс.

Қатысушылар шығармалар арқылы Абай ілімі: оқу-ағарту, тәрбие мәселесі, жаңа кәсіпті меңгеру, ынтымақтастық мәселесі бойынша өзекті екенін көрсетуі керек.

"Абай саналы өмірін ауызбіршілік пен ынтымақтастыққа шақыруға арнаған. Әлем елдері қиын сәтті бастан кешіп, бір-бірінің қолдауына зәру болып отырған сәтте бұл өте маңызды. Сондықтан да сын сағатта Абай шығармаларының Фестивалін өткізу орынды", - дейді ұйымдастырушылар.

"Фестиваль барысында танымдық лекциялар, Фестиваль күнделіктері, қызықты меймандармен жүздесулер болады. Баршыңызды ағымдағы жылдың 7-10 қараша аралығында, кешкі сағат 18.00-де, Abay Festival арнасының тікелей эфирінде өтетін Фестивальді тамашалай аласыздар. Абайдың тойы – халықтың тойы. Сіздерді ақыл-ойдың темірқазығы болған Абай мұрасына арналған фестивальдың қадірлі қонағы болуға шақырамыз", - дейді ұйымдастырушылар.

Әділ қазылар алқасының төрағасы – ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Абайтанушы Ғарифолла Есім.

Әділ қазылар алқасының мүшелері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері, ақын Дәулеткерей Кәпұлы мен кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті "Өнертану" кафедрасының профессоры, "Құрмет" орденінің және "Құлагер" ұлттық кинематографиялық жүлдесінің иегері, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі Назира Рахман.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети