Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Абайлаңыз, сиыр!" прокатқа шықты

07 Наурыз 2014, 12:51
0
"Абайлаңыз, сиыр" фильмінің түсірілімі
"Абайлаңыз, сиыр" фильмінің түсірілімі
"Абайлаңыз, сиыр" фильмінің постері
"Абайлаңыз, сиыр" фильмінің постері
Кеше еліміздегі кинотеатрларда Баян Есентаеваның "Абайлаңыз, сиыр!" атты комедиялық фильмі көрсетіле бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фильмде басты рөлді Баян Есентаеваның өзі ойнайды. Режиссер Асқар Ұзабаев түсірген картина Айгүл есімді толық қыз туралы. Студент кезінде Айгүлді достары оның толықтығы үшін сиыр деп атап кеткен. Артық салмақтың кесірінен әбден келекеге айналған Айгүл өз басынан өткен жауапсыз махаббаттан, сатқындықтан кейін өзінің өмірін түбегейлі өзгертуге бел буады. Ол өзінің үлкен жетістіктерге жете алатынын бәріне дәлелдегісі келеді.

Ең алдымен Айгүл өзінің артық салмағынан арылмақ болады. Сөйтіп ол 100 келілік "сиырдан" жіп-жіңішке нәзік аруға айналып шыға келеді. Ол мұнымен ғана тоқтап қоймай өзінің ауылының атынан депутаттыққа түспек болады. Тұрғындардың сеніміне кіру үшін біраз еңбектенеді. Алайда осы тұста Айгүлге оның алғашқы махабаты Мәрлен жолығып қалып, барлық жоспары бұзылады.

Оқиға 1990 жылдардағы қазақ ауылында орын алған. Фильм Алматыдан 100 шақырым жерде орналасқан бір ауылда түсірілген.

Баян Есентаева, актриса: "Мен фильмде соңғы голливудтық технологияларды пайдалана отырып семіз қызға айналдым. Грим өте жақсы болғанымен бағасы да соған тұрарлық қымбат. Бұл бетке жапсырылатын арнайы силикон маска. Мәскеуден арнайы грим шеберлері келіп кейіпкерімнің бейнесін жасауға көмектесті. Ал картинаның жалпы бюджеті 500 мың доллар. Жалпы менің фильмдерімнің бюджеті жарты миллионнан аспайды. Өйткені Қазақстанда бұдан артық ақшаға кино түсіруге келмейді, шығынды ақтамайды".

"Абайлаңыз, сиыр!" фильмінде Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Әбу-насыр Серіков, Азат Сейтметов секілді актерлер ойнайды. Жуық арада отандық телеарналардың бірінен "Абайлаңыз, сиыр" сериалы да көрсетілмек.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай