09 маусым 2017 09:34

АҚШ-та ең мықты полицей атанған қазақ туралы фильм түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тағы қазақстандықтар жайлы деректі фильмдердің авторы Қанат Бейсекеев кезекті фильмін ұсынып отыр. Бұл жолы ол Нью-Йоркте мықты полицей атанған қазақ полицейі Димаш Ниязов жайлы қысқаметражды фильм ұсынады. Фильм авторы әрі режиссері Қанат Бейсекеев Tengrinews.kz тілшісіне фильмді қалай түсіргендерін және қандай қиындықтардан өту керек болғанын айтып берді.

Режиссердің айтуынша, ол бастапқыда полицей жайлы фильм түсіргісі келмеген. Себебі ол осыдан бір жыл бұрын полицей Данияр Нұртаз жайлы фильм түсірген екен. Ал бұл жолы Бейсекеев фильмді басқа қырынан алып түсірген. "Олардың екеуі екі түрлі, - дейді Қанат. Ойлауы да, жастары, тіпті салмақтары да әр түрлі. Бірақ Димаштың рөлін фильмде ашып, оны әңгімеге тарту оңай болған жоқ".

АҚШ-тағы қазақ полицейін камера алдында сөйлету, оны ашу үшін біраз жұмыс істеу керек болды. "Маған полиция учаскесінде осындай фильм түсіруге рұқсатты бірден берген жоқ, - дейді режиссер. - Яғни, олар рұқсат бермей жатты (...) Бірақ содан мен алдым да фильмді түсіре бастадым".

11 минуттық серияда Димаш Ниязов өзінің жұмысы, өмірі жайлы және спорттағы қызығушылығы жайлы айтады.

13 жасында АҚШ-қа ата-анасымен бірге көшіп кеткен шымкенттік жігіт осылайша "мықты полицей" атанып отыр. Сондай-ақ, ол жақында жақсы жұмысы үшін ерекше жетон алған. NYPD (New York City Police Department) бөлімінде үш жыл уақыт жұмыс істеп жатыр. Бруклин ауданында патруль қызметін жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети