28 қараша 2014 22:51

Актер Шайа ЛаБаф өзін бір әйелдің зорлағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Актер Шайа ЛаБаф осы жылдың басында Нью-Йоркте #IAMSORRY арт-перформансы кезінде өзін табынушыларының бірі зорлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды The Guardian.


Актер Шайа ЛаБаф осы жылдың басында Нью-Йоркте #IAMSORRY арт-перформансы кезінде өзін табынушыларының бірі зорлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды The Guardian.

Шайа ЛаБаф жазушы Дэниэл Клоуздан оның шығармасына плагиат жасағаны үшін кешірім сұрап, акция өткізген. Перформанс барысында ЛаБаф арт-галерея бөлмесінде бес күн болды. Бұл бөлмеге кез келген адамның келуіне және актерге ойына келгенін жасауға рұқсат етілді. ЛаБаф олармен сөйлеспеуі және қарсылық көрсетпеуі тиіс болды.

Табынушыларының бірі актерді шешіндіріп, зорлаған. "Бір әйел жігітімен келді. Жігіті есіктің сыртында тұрған кезде ол 10 минут бойы менің аяғымды сипады, кейін үстімнен киімімді шешіп, зорлады", - дейді Шайа ЛаБаф.

Актердің айтуынша, бұл өте ауыр сынақ болды. Бұдан кейін актердің қызы келіп қалып, одан түсініктеме беруді сұраған. "Ол келіп, түсініктеме талап еткен кезде біз екеуіміз де үнсіз отырдық. Бұл ауыр болды", - деді актер. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети