12 наурыз 2020 09:08

Актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирус жұқтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Том Хэнкс пен Рита Уилсон. © The Wrap Том Хэнкс пен Рита Уилсон. © The Wrap

Голливуд актері, "Оскар" жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 


Голливуд актері, "Оскар" жүлдесінің екі дүркін иегері Том Хэнкс өзі және әйелі Рита Уилсон коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы 63 жастағы актер Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Сәлем, достар. Рита екеуіміз осындамыз, Аустралияда. Біз өзімізді сәл шаршаңқы сезініп, тұмауратқандай болып, денеміз ауырсына бастады. Рита уақыт өте келе қалтырай бастады. Барлығы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін коронавирустан тексерістен өттік, тест нәтижесі оң болып шықты", - деп жазды актер. 

Том Хэнкс көпшілікке "Большой", "Форест Гамп", "Спасти рядового Райана", "Изгой", "Чудо на Гудзоне" фильмдері арқылы таныс. 2016 жылы актер сол кездегі АҚШ президенті Барак Обаманың қолынан еркіндік медалін алды.  

ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

Айта кетейік, бүгін италиялық "Ювентус" футбол клубының 25 жастағы қорғаушысы Даниеле Ругани коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Даниеле Руганидің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Қазір вирус ешқандай белгісіз өтіп жатыр. "Ювентус" қазіргі уақытта заңға сәйкес барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр, енді ойыншымен араласқан адамның бәрін тізімге алады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети