20 қаңтар 2014 15:57

Әли Оқапов "Елес кезгендер" фильмінің саундтрегін орындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Елес кезгендер" фильмінен үзінділер "Елес кезгендер" фильмінен үзінділер

Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов "Елес кезгендер" фильмінің саундтрегін орындады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Режиссер Марина Кунарова түсірген "Елес кезгендер" фильмі қазақстандық прокатқа қаңтардың 30-ынан бастап шығады. Фильм сюжеті жақын болашақта Ғаламдық корпорацияның жер бетіндегі қылмыс атаулыны толықтай жоюға бағытталған GS-кодты іске қосқанда орын алуы мүмкін өзгерістерді баяндауға негізделген. Алғашында бұл жаңалықты адамзатқа берілген сый ретінде қабылдаған қоғам қолданысқа жаппай енгізуге кіріседі. Алайда адамдар ол уақытта GS-код қауіпсіздіктен бөлек қандай мақсатта жасалғанын білмеген еді. Ал негізінде корпорация "Елес" бірегей қауіпсіздік жүйесін жер бетіндегі барлық адамды бақылауда ұстау үшін құрған болатын. Шынтуайтында "Елес" жүйесі іске толықтай қосылған уақытта жер бетіндегі жағдай бұрынғыдан да күрделене түседі. Адамдардан маза қашып, түсініксіз жайттар жиі-жиі орын ала бастайды. Фильмдегі тергеуші-полиция қызметкері Тимурдың рөлін – Санжар Мадиев сомдаса, ал ғаламдық құйтырқы жобаның бел ортасында қалған күдікті-хакер Зак рөлінде – Никита Пресняков ойнайды. Фильмдегі екі кейіпкер әлемді «жаңа технологияның» құрсауынан тезірек шығармаса, көп ұзамай өздерінің де торға түсетінін білді. Атап өтейік, "Елес кезгендер" фильмінің түсірілімі алғаш рет 2011-ші жылы басталған-тын. "Елес кезгендер" фильмінің 40 пайызы компьютерлік графикадан құралғанымен фильмге қажетті негізгі трюктарды актерлардың өздері орындады. Тек Никита Пресняковтың кейбір қимылдарын "Терминатор – 3: машинаның түлеуі" фильміне түскен Т-Х киборг-Кристанна Локен мен Санжар Мадиев алмастырып отырды. Негізінен фильмді түсірушілер жұмбақ Раш рөліне атақты Ума Турман немесе Моника Беллуччидің түскенін қалағандарын жасырмады. Фильм сценариі екеуіне де бірдей ұнағанымен олар қазақстандық фильмге бөлінген қаржының тым аз болуына байланысты келе алмайтындықтарын айтыпты. Есесіне бұл рөлге Кристинна Локен келісіпті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети